Әр түрлі

Халықаралық көрменің екі айлық жұмысы қорытындыланды

Осы уақыт ішінде ауқымды шараға 3000-ға жуық ерікті жұмылдырылыпты. Ал, қазір жұмысқа белсенділер тобының 3-ші легі кіріскен. Бұл жолы еріктілер Алматы, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстары сынды еліміздің 8 өңірінен жиылды. Бүгін олар ант беріп, ресми түрде белсенділер тобына қабылданбақ. Кейін, салтанатты рәсім концертке ұласады. Шараның басты қонағы – әнші және музыкант Сон Паскаль. Бұған қоса, Экспо көрмесі аясында «Jazzia» фестивалі бастау алмақ. Үшкүндік шарада заманауи джаз жанрының орындаушылары өнер көрсетеді. Олар барша әлемге танымал классикалық және өздерінің авторлық туындыларын орындамақ.

Эльмира Садвокасова