Әр түрлі

Ресей елінің павильоны 500 мыңыншы қонақты қарсы алды

Математика пәні мұғалімінің көрмеге бұл – екінші мәрте келуі. Нәзікжанды ауқымды шарада алғаш рет жұбайымен маусым айында болған. Ал, осы жолы қыздарына ғылымның соңғы жетістіктерін көрсетуге келіпті. Меймандар Ресей елінің павильонын да аралаған. Соңында қонақтарды ресейлік экспозицияның директоры қарсы алып тақырыптық сыйлық жасаған. Бұдан бөлек нәзік жандының отбасы қыркүйектің 8-і өтетін Ресей елінің ұлттық күніне де билет иеленді. Ал, бүгін Малайзияның павильонында білім апталығы басталды. Көбіне қазақстандық жастар жоғары білімді осы оңтүстік-шығыс елінде алғылары келеді. Малайзиялық университеттерге қалай түсуге болатындығы жайында келушілерге павильонның үшінші қабатында айтылады.

 

Риат Шони