Құқық қорғау органдары

Өңір тәртіп сақшыларының жұмыс кестесі ауысты

Негізі Петропавлдағы қоғамдық тәртіпті жергілікті полиция қызметі, қалалық аппарат пен облыстық полиция ведомстволарының мамандары, жекеменшік күзет агенттік өкілдері, Ұлттық Ұланның әскери қызметкерлері қадағалайды. Берік Біләлов жасақтардың дайындығын, маршруттары мен құжаттарын тексерді. Енді бұдан былай, жаяу және автопатрульді полиция офицерлері басқаратын болады. Олар көңіл көтеру орындары мен білім беру мекемелеріне жақын орналаспақ. Тәртіп сақшылары міндетті үш ауысымда атқаратын болады.

 

Риат Шони