Әр түрлі

Аудандық маңызға ие қалалар мен ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті

4 жылда бір рет ұйымдастырылатын науқанға 410 үміткер қатысты. Олардың 87-і – бұрынғы басшылар. Дауыс берудің нәтижесі бойынша жұмысқа 138 адам алынды. Қызметке тағайындалған жандардың барлығы бұған дейін түрлі салада еңбек етіпті. Жерлестеріміздің арасында бұрындары мектеп директоры болған, құқық қорғау органдарында еңбек еткен азаматтар бар. Айта кетейік, әкімдердің 30 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Жалпы, сайлау жұмыстарына облыстық қазынадан 28 млн теңгеден аса қаржы бөлініпті.

Бейбiт Исманов – облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:


–  Сайлау кезінде бір орынға 3 үміткерден болды. Олардың ішінен қызметке лайықты деген жандарды 156 аудандық мәслихат депуттаттары таңдап алды. Үміткерлердің әрқайсысына үгіт-насихат жұмыстарына және жол шығынына 45 мың теңгеден берілген болатын. Жалпы, сайлау нәтижесі бойынша Сергеевка, Мамлютка және Булаево қалаларының әкімдері ауысты.


 

Байболат  Култанов