МТРА жаңалықтары

Тамыздың 12-сі елордада «Astana EXPO 2017 International Criterium» кәсіби тас жол веложарысы өтеді

Жарыс «Байтерек» монументі жанында сағат 13:00-де басталады. Сайысқа 15 мемлекеттен 20 команда қатысады. Араларында әлемдік турнирдің кәсіби командасы және гранд-турлардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, олимпиада ойындарының медалистері бар. Британдық “Team Sky” (тиам скай) клубының мүшесі «Тур де Франс» жеңімпазы Крис Фрум және “Astana Pro Team” (про тим) көшбасшысы Фабио Ару жарыс хэдлайнері болады. Дүбірлі дода «Eurosport 2», «Kazsport» телеарналарында Астана уақыты бойынша бір жарымнан бастап тікелей эфирде көрсетіледі. Атақты ресейлік журналист Сергей Курдюков комментатор болады.

Берік Қасен