Құқық қорғау органдары

“ҚазАвтоЖол ҰК” АҚ облыстық филиалының бұрынғы директоры Асқар Жанкинге қатысты сот үкімі шықты

Естеріңізге сала кетейік, ол ақпан айының 23-і күні 2 млн теңге пара алып жатқан жерінде құрықталған болатын. Асқар Жанкиннің қалтасына заңсыз ақшаны “К-Дорстрой” кәсіпорны жетекшілерінің бірі салған. Серіктестік қомақты қаражатты беру арқылы өздері атқармаған жұмысты жабық күйінде қалдыруға ниеттеніпті. Бірақ, арам ой іске аспады. Асқар Жанкинге қатысты тергеу жұмыстары 5 айға созылды. Бұл уақыт аралығында бірнеше сот отырысы өтті. Заңбұзушы өз кінәсін бірден мойындаған еді. Осы үшін // оңай табысқа кенелмек болған жанның адвокаты Дәулет Өміралин судьяға жазаны айыппұл ретінде кесуді сұрады. Азаматтың туған-туыстары 120 млн теңге төлеп, Жанкинді темір тордың ар жағынан алып шығуға дайын екендіктерін де білдірді. Енді, бүгін бұл іске соңғы нүкте қойылды.

Айдрхан Жанақов – Петропавл қалалық сотының судьясы:


–  Айыпталушы Асқар Жанкиннің жасаған ісіне байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366 бабы екінші тармағы бойынша оған айыппұл салынсын. Ол 1 айдың ішінде 120 млн теңге төлеуі тиіс. Алайда, 5 ай бойы тергеу изоляторында отырғандықтан бұл сома 1 млн теңгеге қысқартылып, 119 млн теңгені құрады. Жанкиннің атына жазылған барлық дүине-мүлкі тәркіленсін. Бұдан бұлай мүлдем мемлекеттік қызметке орналаса алмайды.

Култанов Байболат