Қылмыс

Елді елең еткізген оқиғаға қатысы бар деген күдіктілердің барлығы ұсталды

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары тамыздың 10-ы күні Астана қаласында петропавлдық Тамерлан Бектасты құрықтады. Ол Қызылжар ауданының 20 жасар тұрғыны Қайрат Аушахмановпен бірге шілденің 29-ы күні болған атысқа қатысқан. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. “Қару қолданып бұзақылық жасау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптамалар да тағайындалды. Қос күдіктінің айыбы дәлелденсе 20 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін.

 

Риат Шони