Әр түрлі

Петропавлда “Не? Қайда? Қашан?” ойынының жазғы кезеңі бастау алды

Закиржан Мамлютов – “Iegenda” Event-агенттігінің директоры, “Не? Қайда? Қашан?” ойынының ұйымдастырушысы:

– Ойынның ережесі өзгерген жоқ. Барлығы Что? Где? Когда? сайысындағыдай. Сұрақтар түрлі болады. Көбінесе, сауалдарды әлем әдебиетінен алдық. Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев сынды танымал адамдар жайлы да әзірлеген сұрақтарымыз бар. Логикалық тапсырмалар да жетерлік. Қатысушыларға қиынға соқпайды деген ойдамын.

Бүгінгі ойында Могунов мырзаның құрамасы бақ сынауда. Команда ережеге сай 6 адамнан құралған. Смокингпен кешкі көйлектерін сайлап келген жандар түрлі салада еңбек етеді. Бірі мұғалім, екіншісі инженер. Бұл ұжым интелектуалды сайыстың көктемгі кезеңіне қатысыпты. Бәсекеде финалға дейін жетіп, тек ақтың сында есе жіберіпті.

Сергей Могунов – команда капитаны:

– Менің құрамам көктемгі кезеңге қатысып, мол тәжірбие жинады. Өкінішісі финалда “Iegenda” Event-агенттігінің қызметкерлеріне есе жібердік. Командадағы ойыншылардың барлығы білімді. Тарихты жақсы біледі. Осы жазғы кезеңде міндетті түрде жеңіске жетуге барымызды саламыз.

Ойын барысында Могунов мырзаның құрамасына түрлі сұрақтар түсуде. Бір сәтте зырылдауықтың тілі 6-шы нөмірлі конфертті көрсетті. Мұнда өте қызық сауал жазылыпты. Білгір жандар ежелдегі арабтардың жұқа қағазды не үшін қолданғандығын табулары тиіс. Жауап ережеге сай 1 минуттың ішінде берілуі қажет. Уақыт зыр етіп өтті. Ұжым тапсырманы жылдам талқылап, өз пікірлерін білдірді.

Жауап дұрыс емес. Ежелгі арабтар жұқа қағазға хат жазыпты. Кейін, құстарға байлап, ұшырған екен. Дегенмен, уақыт өте құрама ойыншылары жинақылық танытты. Олар сауалдарға дұрыс жауап қайтарып, соңында 5-те 6 есебімен жеңіске жетті. Залға жиналған көрермендер сайыстан мол әсере алғандықтарын айтуда.

– Сайыс өте қызықты өтті. Сұрақтар жақсы құрастырылған. Енді, әр ойынға келетін боламын.

– Менің мұғалімім осы ойынға қатысып жатыр. Ол кісі мені осындай шақырды. Жаңа сайысты тамашаладым. Керемет. Келесі кезеңге міндетті түрде қатысамын.

Айта кетейік, Не? Қайда? Қашан? ойынына 4 құрама қатыспақ. Олар тамыз айының соңына дейін сынға түспек. Жеңімпаз атанған құрама бағалы сыйлықтарға ие болады.

 

Култанов Байболат