Шараның 61-шы күні Гвинея Республикасының Ұлттық күні ұйымдастырылды. Батыс Африкада орналасқан мемлекет боксит рудасы бойынша әлемде бірінші орын алады. Елдің жер қойнауы алмаз, алтын, уран сынды түсті металдарға өте бай. Көрме аясында қонақтар өз мемлекетін көпшілікке таныстырды.
Кейін, салтанатты шеру өткізді. Өнерпаздармен бірге жиналғандар Гвинеяның павилонын аралады. Тағы, бүгін ЭКСПО аясында Малайзия кешенінде “Жасыл көлік аптасы” атты ерекше шара бастау алды. Келушілерге көміртекті аз бөліп шығаратын экологиялық таза тасымал түрлері көрсетілмек. Тағы, көрмедегі Амфитеатрда «NO MAD KARMA» тобы концерт береді. Көрмеге кіретін билеттері бар тұрғындар кешті тегін тамашалай алады.
Култанов Байболат