Құқық қорғау органдары

Велосипед ұрыларынан сақ болу керек

Ұрылар негізінен көп қабатты үйлердің подъездерін торуылдайды. Қарақшылар емін еркін-кіріп, қараусыз қалдырылған велосипед, балалар арбасы мен шаналарды алып кетіп жатады. Кейбірі, тіпті аулада жүрген жасөспірімдердің сеніміне ие болып алып, қос дөңгелекті көлігін айналып қайтуға сұрап, біржола теуіп кетуі мүмкін. Сондықтан, полицейлер мүліктерін қараусыз қалдырмай, сериялық нөмірлерін біліп алуға және велосипедті ұрлап әкетуге мүмкіншілік бермейтін тиісті құрылғылармен жабдықтауларына кеңес береді.

Ерболат Қаптаев – Петропавл қалалық ІІБ бөлімшесінің бастығы:

– 2017 жылдың басынан Петропавл қаласы аумағында 34 велосипед ұрлығы тіркелген. Жүзгізілген талдаудың қорытындысы бойынша жасалған қылмыстардың басым көпшілігі көп кабатты үйлердің подездері мен дүкендер маңынан жасалған. Осыған байланысты қала тұрғындарына өз мүліктерін қараусыз қалдырмай, трос пен дабыл жүйесі сияқты құрылғылармен жабдықтап, түңгі уақытта подездерде қалдырмауыңызға кеңес береміз.

Акбопе Танирберген