Әр түрлі

Қазақстанда “Статистикалық есептерді онлайн режимде қабылдау” ақпараттық жүйесі іске қосылды

Жыл басынан бері жаңа қызмет түрін 54 мыңнан аса респондент қолданған. Яғни, қазақстандықтар өздерінің статистикалық есептерін оn-line режимінде жіберіпті. Мыңнан аса тұрғын дәстүрлі бланк толтыру жұмыстарынан мүлде бас тартқан. Бұл жүйенің бірқатар артықшылықтары бар. Яғни, статистика органдарымен арадағы жұмысты азайтады. Уақыт үнемделеді, кезек болмайды, есеп жолданғанша арнайы бақылау қызметінің көмегімен қателіктерді түзеуге мүмкіндік туады. Тиімді бағдарламаны қолдану үшін санды электронды қолтаңба болуы қажет.

 

Култанов Байболат