Спорт

Петропавлда 12-ші тамыз күні “PetroCup” турнирі жалауын желбіретпек

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Біздің турнирде әр түрлі командалар бар. Әрдайым қатысатын тәжірибесі мол және жуырда құрылған жастар құрамалары бар. Ол да қуантарлық жағдай. Өйткені, өскелең ұрпақ осы жарыс туралы естіп, бұл шараға қатысып отыр.

Командалардың қарсыластары жеребе тастау арқылы анықталады.

Жалпы, жастар 7 топқа бөлініп, арасында жеңіске жеткен әр команда ақтық сынға өтеді. Осы додаға жергілікті “Север” құрамасы да қатысады. Олар бұл бәйгеде 3-ші рет бақтарын сынағалы отыр.

Станислав Цуркан – “Север” құрамасының капитаны:

– Былтырғы жылы құрамамыз 4-орынды иеленген еді. Биыл нәтижемізді жақсартып, үздік үштіктен көрінуге барымызды саламыз. Өйткені, біз бір жыл көлемінде тыңғылықты дайындалдық.

Айта кетсек, турнирдегі бірінші ойын тамыздың 12-сі күні бастау алып, осы айдың 30-ына дейін жалғаспақ. Осы сында жеңіске жеткен құрамаларға грамота, медаль және кубок табысталады.

Тогжан Акмагамбетова