Әр түрлі

Мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің 100 жылдығына орай дөңгелек үстел жиыны өтті

Қымбат Исманова – ардагер ұстаз:

– Бәйкен Әшімов – нар тұлға. Ол өте еңбекқор. Талай қиындықтан өтсе де елім деп тер төкті.

Залға жиналған қоғам өкілдерінің барлығы Бәйкен Әшімовты жақсы біледі. Әрқайсысы Социалистік Еңбек ерімен жүздескен. Облыстың Құрметті азаматы Жақсылық Ысқақов жерлесімізді 61-ші жылы кезінде Целиноград қаласында көріпті. Қос азамат тың игеруші жастардың 1-ші сьезіне қатысқан. Сол жиында ел ағасының айтқан ғибратты сөздерін Жақсылық Ғабдоллаұлы есінде сақтап қалған.

Жақсылық Ысқақов – СҚО Құрметті азаматы:

– Жиын ол маған сен нанды көрсетуін керексің деді. Жастар астықты қастерлеп, аянбай еңбек етуді міндеттеді.

Жиын барысында баяндамашылар нар тұлғаның ауыл шаруашылығы саласына сіңірген еңбегіне ерекше тоқталды. Бәйкен Әшімов үкімет басқарған кезеңдерде еліміздегі мал басын асылдандыруға басымдық беріпті.

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

– Төрт түлік малдың ішінде ірі қараның бірнеше түрін дамытты. Қойдың биазы жүнді түрінің санын арттырды.

Сәуле Мәлікова Бәйкен Әшімовтың өмірін көп зерттепті. Ол залға жиналғандарға жерлесіміздің нақты туған жері мен күнін айтып берді. Бұрындары біртуар ұлдың дүниеге келген датасы құжаттарда 28-ші шілде немесе 30-шы тамыз деп жазылып келген. Бірақ, жуырда тарихшы ресми материалдардың негізінде мемлекет және қоғам қайраткерінің туылған күні 10-шы тамыз екендігін дәлелдепті.

 

Култанов Байболат