МТРА жаңалықтары

Кеше түнде жарты ғаламшар ерекше табиғи құбылыстың куәгері атанды

Жалпы, аспан денесінің тұтылуы тек толық ай кезінде ғана болады екен. Алайда, бұл жолғысы – сирек кездесетіні. Себебі, Жердің көлеңкесі Айға толықтай түспеген. Сөйтіп, ғаламшарымыздың табиғи серігінің тек төрттен бір бөлігі ғана тұтылды. Ерекше жайттан теріскейліктер де қапы қалмады. Бірі телескоп пен дүрбіні пайдаланса, арнайы құрылғылары жоқ қала тұрғындары М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың обсерваториясының маңына жиылды.

Тина Минасян – қала тұрғыны:

– Мен Айдың тұтылуы жайлы достарым мен әлеуметтің желілерден хабардар болдым. Өз басым табиғат сұлулығы мен оның қызықты көріністерін ұнатамын. Бүгін бұл құбылысты алғаш рет бақыладым.

 

Эльмира Садвокасова