Жыл басынан СҚО-да заңсыз айналымнан 200 келіден артық түрлі есірткі заты тәркіленді

Құқық қорғау органдары

12:13 7 Тамыз 2017

– Это ваше?

– Я не знаю, это мое или нет. Без понятия.

– Это ваше?

– Это? Я не знаю – это мое или не это.

Мына төрт түйіншекке героин оралған. 34 жастағы есірткі сатушыны тергеушілер “Транзит” жедел-алдын алу шарасы аясында қолға түсірді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол есірткі саудасын кәсібіне айналдырып алған.

Толқын Қасен – Петропавл қалалық ІІБ тергеушісі:

– Петропавл қаласы ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 34 жастағы ер адамды 2,41 грамм есірткімен ұстады. Тінту барысында киімінің қалтасынан 4 түйіншекке оралған 10 грамм героин табылды. Оның бұрындары осыған ұқсас қылмысы үшін басы істі болған.

Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды. Аталмыш фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Есірткі саудасымен айналысқандарға заң бойынша 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Жыл басынан СҚО-да заңсыз айналымнан 200 келіден артық түрлі есірткі заты тәркіленіпті. Оның 190 грамы – героин.

Берік Қасен