Спорт

“Құлагер” ХК жаңа маусым алдында жолдастық кездесу өткізді

Демалыс күндері жергілікті ұжым жігіттері Рудныйдың “Горняк” құрамасымен қос матч өткізді. Алғашқы бәсекеде айымыз оңынан туды. Вячеслав Белан бапкердің шәкірттері қарсыласты 3-те 1 есебімен ұтты. Екінші ойында да жерлестеріміз жеңісті қайталады. Қарымта сында теріскейліктер Қостанай облысының командасын 3-те 0 есебімен тас-талқан етті. Шайба авторлары Незнамов, Жаворонков пен Чеботаев атанды. Енді, “Құлагер” клубы келесі кездесуін 11-ші тамыз күні Синегорье кубогы аясында Астананың “Номад” ұжымына қарсы өткізеді.

Култанов Байболат

 

st-language:RU;mso-bidi-language: AR-SA’>