Спорт

Петропавлда республикалық велокөпкүндіктің жалауы желбіреді

Амангелді Әділев – жарысқа қатысушы, Омбы қаласы, РФ:

 

– Осы маусымда мен бірінші рет жарысқа қатысқалы жатырмын. Дүбірлі доданың арқасында мол тәжірибе жинақтаймын деген ойдамын.

Жарыс жолына қаз-қатар тізілген велашабандоздарға бірер сәттен соң белгі берілмек.

Көп кешікпей дода да басталып кетті. Спортшылардың барлығы жеңістен дәмелі. Бірақ, алдымен олар белгіленген 100 шақырымды бағындырып, мәреге топпен келулері қажет. Айта кетсек, байрақты бәсеке 80-нен астам спортшының басын қосып отыр.

Владимир Парахин – велосипед спорты бойынша ОРБЖСМ директоры:

– Республикалық велокөпкүндік 7 күнге жалғасады. Қатысушылар қаланың орталық көшелерін және Омбы, Көкшетау, Архангелька, Явленка тас жолы бағыттары бойынша жүріп өтеді. Жалпы, велошабандоздар байрақты бәйгенің бірінші күні -командалық, ал одан кейін жекелей өнер көрсетеді.

Жарыс тамыздың 12-сіне дейін жалғасады. Жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар грамота, медаль және кубокпен марапатталады. Ал, ең мықты деп танылған велошабандоздарды әлем чемпионатына ел құрамасы атынан қатысу үшін іріктеп алады.

Тогжан Акмагамбетова