Денсаулық сақтау

Еламед зауытының құрылғылары төмен бағамен саудалануда

Батима Сайдалинова – «Елатом» құрылғылар зауытының менеджері:

– Унилор-01 құрылғысы – суық тигенде дертке ем болатын аспап. Бұдан бөлек, ол гайморит пен тонзиллит сынды ауруларды да емдеп жазады. Бұл аспаптың бірнеше саптамасы бар. Оның әрқайсысын қыздырып қолдану қажет. Унилорды аяғы ауыр келіншектерге қолдануға болмайды.

Ал, «Алмаг-01» құрылғысы – жүрек-қан тамырлары жүйесі, бронха, ішек-қарын жолдары, остеохондроз, артрит, артроз сынды ауруға ем. Күніне бұл аспапты 40 минутқа дейін қолдануға болады. Ол ауруды басып, ағзаны қалыпты жағдайға келтіреді.

Батима Сайдалинова – «Елатом» құрылғылар зауытының менеджері:

– Бұл құрылғыны отбасы мүшелерінің барлығы қолдана алады. Бірақ, ең алдымен дәрігерлермен кеңескен жөн. Өйткені, ол – магнитті-терапиялық аспап. Ол қан айналымын жақсартуға септігін тигізеді.

Ресейлік Елатом зауытынан түрлі емге шипа болар 10 шақты құрылғы шығарылады. Қазір кәсіпорын арнайы науқан жариялап отыр. Петропавлдағы Мир көшесі, 110 мекен жайындағы №7 әлеуметтік дәріханадан зауыт тауарларын төмендетілген бағаға сатып алуға болады. Бұл мүмкіндік солтүстікқазақстандықтарға тамыздың 27-не дейін ұсынылады.

Айгерім Ержанова