Құқық қорғау органдары

Облыстық ІІД-де тәртіп сақшылары жекеменшік күзет құрылымдарының жетекшілерімен кездесті

Жыл басынан полицейлер 16 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 7 күзет құрылымында заңбұзушылық тіркелді. Оның біреуінің басшысы жұмысқа медициналық тексерістен өтпеген адамды жұмысқа алған. Нәтижесінде бұл агенттік 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Жалпы күзет қызметтері мен тәртіп сақшыларының әріптестігі тиімді болып есептеледі. Жыл басынан күзетшілер 25 қылмыстың бетін ашуға ат салысқан. Бұдан бөлек олар 515 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап, 25 ұрлық фактісінің алдын алған.

Самал Қасенова – СҚО ІІД күзет ісін бақылау жөніндегі бөлімнің аға инспекторы:

– Қазіргі таңда жекеменшік күзет құрылымдары мен ішкі істер органдары өзара бірге әрекет етеді. Олар да құқықбұзушыларды көптеп ұстайды. Бүгінде бізде 100 күзет құрылымы есепте тұр.

 

Риат Шони