Экспо-2017 шарасы қызықты шараларға толы

Әр түрлі

12:59 4 Тамыз 2017

Олар көрме меймандарына арнап музыкалық шоу әзірлеген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қойылым Парсы елінің көне мәдениетімен таныстырып, рухын сезіндіреді. Одан бөлек, бүгін және ертең көрме қонақтары Гайананың мәдениетімен таныса алады. Кариб қауымдастығының 12 елінің халықаралық күні аясында концерт өтеді. Жұртшылық Гайананың карнавалы мен маскарадын тамашаламақ. Қазақстан да өз мәдениетін барынша паш етіп жатыр. Бұл күні Еліміздің Батыс өңірінің үздік шығармашылық ұжымдары үлкен Гала-концерт өткізеді.

Акбопе Танирберген