Қылмыс

Петропавлда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен екі жігітке іздеу салынды

Темірлан Бектас. 1996 жылғы Петропавл қаласының тұрғыны. Айрықша белгілері: бойы 175-180см, дене бітімі-орташа, шашы қара. Екінші күдікті – 1997 жылы туған Қайрат Аушахманов, Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғыны. Айрықша белгілері: бойы 175-180 см, дене бітімі-орташа, шашы қара. Егер сіздерде олардың орналасқан жері туралы ақпарат болса 39-48-07, 8-707-978-64-86 немесе 102 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Еске сала кетейік, елді дүрліктірген жастар арасындағы текетірес өткен демалыста орын алған еді. Салдарынан, 19 жастағы колледж студенті зардап шегіп, дәрігерлер оның аяғын тізеден төмен кесіп тастауға мәжбүр болды.

Эльмира Садвокасова