Әр түрлі

Тамыз айында СҚО ауаның орташа температурасы +17 градус болады

– Қазір күн 35 градусқа дейін көтерілді. Кешеке таман жаңбырлар болып тұрады. Бірақ артынша күн шығып, тағы да жылынады.

– Тамыз айында күн райы жақсы болуы тиіс. Жауын-шашынды, салқын күндер күтілмейді деп естідім. Жаңа оқу жылы басталғанша, бала-шаға, немеремен қыдырғымыз келеді. Бақшадағы дақылдар мен егін өсу үшін күн райының жақсы болғаны керек.

Өкініштісі сол, күн райы адамдардың қалағанындай болмай жатады. Синоптиктер ай бойы өткінші жауын-шашын болады деп болжауда.

Гүлзат Ғазизова – “Қазгиромет” ШЖҚ РМК СҚОФ метеорологиялық болжау бөлімінің басшысы:

– Жауын-шашынның айлық мөлшері мөлшерден көп күтіледі. 40…53 мм. Ай бойы кей жерлерде өткінші жаңбыр болып, найзағай ойнайды.

Мамандардың мәліметінше, бірінші онкүндікте сынап бағанасы күндіз 18 түнде 20 градус жылылықты көрсетеді. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Гүлзат Ғазизова – “Қазгиромет” ШЖҚ РМК СҚОФ метеорологиялық болжау бөлімінің басшысы:

– Екінші онкүндіктің бірінші жартысында күндіз ауа температурасы 24-29, кей жерлерде 34 градус жылы болады. Онкүндіктің екніші жартысында түнде 12-17, күндіз 22-27 градус жылыға дейін жоғарылайды.

Ауа райын болжаушылар үшінші онкүндікте облыс аумағында температура +
27 – 34 градустан төмен түспейді деп айтты. Тарихқа үңілетін болсақ, 1998 жылы өңірімізде күн +37 градусқа дейін ыстық болыпты.

Берік Қасен