Денсаулық сақтау

Өңірде теріс резусты қан тапшы

Науқас жандарға қол ұшын беремін деушілердің қатары қазіргі уақытта да кеміген емес. Мұнда бір күннің ішінде шамамен 40-қа тарта жерлесіміз келеді екен. Бірақ, бұл тұста мекеме мамандарының айтары бар. Соңғы уақыта өңірде оң резусты қан берушілердің қатары көбейіп, ал теріс резусты жандардың саны күрт азайып кетіпті.

Динара Қалуова – Облыстық қан орталығының донарларды жинақтау бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы:


–  Теріс резусты қан тапсырушыларлдың қатары 7-і мен 10 пайызды ғана құрайды. Қазір бұл топқа жататын адамдардың санын артыру мақсатында жұмыс жасап жатырмыз.

Мамандар бұл мәселені біртіндеп шешуде. Олар теріс резусты қан қорын көбейту үшін орталыққа 2 ай сайын тұрғылықты донорларды шақырып тұрады. Дәрігерлердің өтініші бойынша келетіндердің бірі – Владислав Малеев. Қала тұрғыны осымен 3-ші жыл науқас жандарға қан беріп, көмек көрсетіп жүр.

Владислав Малеев – донор:


–  Менің қаным 3-ші теріс резусты топқа жатады. Дәрігерлер мен, сол себепті шақыртып тұрады. Осындан 3 жыл бұрын танысыма қан бергем, содан бастап орталыққа үнемі келетін болдым. Донор болу – әр адамның парызы деп білемін.

Қан тапсыру донордың денсаулығына да пайдалы. Егер де жомарт жан үнемі орталыққа келіп, игі іс жасаса түрлі ауруларға сирек шалдығатын көрінеді.

Динара Қалуова – Облыстық қан орталығының донарларды жинақтау бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы:


–  Қан тапсырған адам бірқатар дертке аз шалдығады. Көбінесе, донорлар өкпе, жүрек ауруларымен сирек ауырады.

Айта кетейік, облыстық қан орталығының мамандары тұрғындарды аптаның жұмыс күндері таңғы 8-ден күндізгі 13:00-ге дейін қабылдайды. Донордан 450 млгр қан алынады. Осы үшін қан тапсырушы 567 теңге алады. Тағы, 2 күнге жұмыстан босатылады.

Байболат  Култанов