Әр түрлі

ЕХРО-2017 көрмесінде 1 млн 800 мың адам болды

Яғни бір күнде көрмені шамамен 45 мың қонақ аралапты. Бұл алғашқы аптадағы көрсеткішпен салыстырғанда екі есе көп. Ал жалпы еліміз үшін маңызды шара басталғалы Астана ЕХРО-2017-ге 1 млн 800 мың адам келген. Қонақтардың дені Африка, Үндістан, Египет сынды мемлекеттердің павильондарын көруге асық. Бұдан бөлек, үздік ондыққа Түркия, Ресей мен Тайланд, Жапония мен Өзбекстан, Әзірбайжан мен Сауд Арабияның көрмесі енген. Қазақстандық “Нұр Әлем” павильонына кіру үшін де ұзын сонар кезек бар.

 

Айгерим Ержанова