Құқық қорғау органдары

Тапа-тал түсте Петропавлда атыс орын алды

Осы сәтте біреуі травматикалық тапанша алып қарсыласына оқ жаудырады. Ал, бұл жағдай келесі күні Пушкин мен Партизан көшелері қилысында болған. Әуесқой түсірілімде кешегі жігіттердің кездесуі бар. Видеода 2 азамат Ерболды шолақ мылтықпен аяғынан атып, бірнеше мәрте басынан соққы жұмсап, оқиға орын алған жерден қашып кетеді.

Сән Жұмағазина – СҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің қызметкері:

– Бұзақылық жасады деген күдікпен 3 азам ұсталды. Қазір іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жәбірленушіні достары кешкілік №1 қалалық ауруханаға жеткізген. Ерболға бірден күрделі ота жасалыпты. Оқ тізе тұсына тиген екен. Дәрігерлер операцияда науқастың сол аяғын кесіп тастауға мәжбүр болыпты.

Галина Мәметова – №1 қалалық аурухананың бас дәрігері:

– Науқас бізге өте ауыр жағдайда жеткізілді. Көп қан кеткен. Сол аяғы мүлде жинауға келмеген соң кесуге тура келді. Қазір азаматтың жағдайы қалыпты. Енді, 7-8 күндесін үйіне шығарамыз.

Бұған қоса манағы жігіттер 19 жастағы Ерболдың басы мен қолын жарақаттапты. Тістерін сындырған. Жапа шегуші екі тәуліктен соң ғана ес жиып отыр.

Ғалия Алпусбаева – Ербол Хамитовтың анасы:

– Баламды бүгін көрдім. Басы жарылған. Қолыны жарақатталған. Солқ-солқ жылап жатыр.

Ал, әкесі Ғалымкерей Құсайынов шын күдіктілер құрықталған жоқ. Оқ атқан жігіт бостандықта қашып жүр дейді.

Ғалымкерей Құсайынов – Ербол Хамитовтың әкесі:

– Ұсталғандар баламды атқан жоқ. Олар мүмкін оқиға орнында болған шығар. Ал, анау оқ жаудырған жігіт құрықталмады. Ол қашып жүр.

Айта кетейік, Ербол биыл ғана колледж тәмамдаған. Жақында әскерге баруды ойлап жүріпті.

 

Байболат  Култанов