МТРА жаңалықтары

Экспо-2017: Лесото елінің ұлттық күні өтті

Күллі әлем қалаларындағы халық саны 1950 жылы 746 миллионды құрады. Болжам бойынша, 2050 жылы бұл көрсеткіш 6 миллиардтан асып, 10 миллионаннан артық адам тұратын мегаполистер 2 есеге көбеймек. Қалдықтарды жою, ресурс көздерін тиімді пайдалану, қала жоспары мен ұзақ мерзімді кешенді архитектуралық шешімдер, сондай-ақ, инфроқұрылым мен заманауи көлік жүйелері шаһар дамуында ойып орын алмақ.
Бұл күні, яғни 31-ші шілдеде Экспо аумағында Лесото карольдігінің ұлттық күні өтті. Олар меймандарға «Мохобелло» стиліндегі ұлттық биді ұсынды. Бұл нәзік әрі еркін сарындағы кәртаң ерлерге арналған туынды. Соғыс пен аштық жылдарында пайда болған екен. Мәдени бағдарлама Африка плазасы мен еліміздің “Нұр әлем” павильонына қарай бағытталған ұлттық шерумен аяқталды.

Акбопе Танирберген