Құқық қорғау органдары

Жедел құтқару қызметінің көлігіне жол бермегендерге айыппұл салынады

Иван Снитков – жүргізуші:

– 100 жүргізушінің 20 пайызы арнай көліктерді өткізбей жатады. Сиренаны естімеген кейіп танытады. Мен ондайдың талайын көргенмін.

Вячеслав Чернышов – жүргізуші:

– Адамдар әр түрлі болады. Біреу артта келе жатқан өрт сөндіру машинасын бірден байқап, жол беріп жатады. Басқалары асып-сасып тұрып қалады.

Міне, өрт сөндірушілер кезекті шақыртулардың біріне барады. Асығып келе жатқан арнайы машинаға «Опель Омега» маркалы көлігінің жүргізушісі жол беретін емес. Тәртіп сақшылары ереже бұзған тұлғаның машинасын тоқтатып, оны жауапкершілікке тартты.

Рүстем Испердинов – СҚО ІІД ЖПҚ аға инспекторы:

– Жол бермеген жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Заң бұзған тұлға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болады.

Инспекторлардың аутынша, жүргізушілер көбінесе музыканы қатты қойғандықтан сиренаны естімей қалдық деп ақталып жатады. Жыл басынан бері жедел қызмет көлігіне жол бермеген 6 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылыпты. Алда бұл тізім толығуы мүмкін. Себебі бұдан былай облыс орталығында рейдттер жиі өткізілмек.

Берік Қасен