МТРА жаңалықтары

Петропавлда контрафактілік тауар жойылды

Қайыржан Айсин, “Вторсырье” ЖШС директоры:

– Бөтелкелерді қайта өңдеуге Алматыға жібереміз. Одан қайтадан шыны жасап шығады. Далада қалып шашалып жатпайды.

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Бүгін мұнда темекінің 7 мың 500 данасы жойылуда. Саудагерлер акциздік маркасы жоқ тауарды заңсыз сатқан. Мұндағылар олоны толық өртеп жатыр.

Мұндағы тауарлардың жойылу барысын арнайы құрылған комиссия қадағалауда.

Оксана Шаймарданова, СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бөлім жетекшісінң міндетін атқарушы:


– 10 мың 208 құты сыра, 104 бөтьелке арақ-шарап жойылуда. Көбінің сақтау мерзімі өтіп кеткен, құжаты жоқтары да бар. Сонда да дүкен сөрелерінде де тұра берген. 7 сим карта да жойылды. Барлығы сот нәтижесінде мемлекетке өткен тауарлар.

Барлығы 3 мың тонна бөтелке босады. Қалдықтарды осылай іске жарату – өңір экологиясына залалын тигізбейді дейді мамандар.

Акбопе Танирберген