МТРА жаңалықтары

Қоғам қайраткері, жерлесіміз Бәйкен Әшімовтің туғанына 100 жыл толады

Саналы ғұмырын елінің гүлденуіне арнаған ол түрлі басқарушылық қызметте болды. Саясаткердің қызмет жолы және өмірбаянымен мемлекеттік архив пен облыстық кітапханада ұйымдастырылған көрмеден білуге болады. Шарада өмірі кейінгі ұрпаққа үлгі болатын Бәйкен Әшімовтің фотосуреттері, құжаттары мен қайраткер жайлы жазылған бірқатар еңбектер де бар. Сондай-ақ, сөрелерге көрнекті тұлғаның жарық көрген бірнеше кітаптары да жайғастырылған.

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

– 1970 жылы ол Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды. Бұл қызметті ол 14 жыл бойы атқарды. Сол уақытта еліміздің гүлденуіне ат салысып, кейін 80-ші жылдардағы тоқырау заманында ел дамуына үлесін қосты.

Қайыржан Мәлікова – С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың қызметкері:

– Бәйкен Әшімов 1917 жылы Айыртау ауданында дүниеге келіп, қиын-қыстау кезеңде ел ауыртпалығын бірге көтерген адам. Ол туралы жазылған қай кітапты алмасақ та, оның еңбексүйгіштігі мен халқына деген қамқорлығы сөз болады.

 

Эльмира Садвокасова