МТРА жаңалықтары

Петропавл гарнизонының әскери прокуроры алғашқы жарты жылдықты қорытындылады

Талғат Бекбергенов – Петропавл гарнизонының әскери прокуроры:

– Прокурорлар сыбайлас жемқорлық фактісін ҚР Ұлтық ұлан Әскери институтында анықтады. Білім ордасының екі маманы пара алғаны үшін жазаға тартылды. Олар бірден жұмыстарынан қуылды. Ал, іске қатысы барлардың лауазымдары төмендетілді.

Үстіміздегі жылы прокурорлар 6637 әскери бөлімінде суицид оқиғасы орын алды деп отыр. Белгілі болғандай келісім-шарт бойынша қызмет еткен маман қаза тапқан. Талғат Бекбергеновтың айтуынша азамат отбасылық жанжалдан соң, өз-өзіне қол жұмсады деп отыр. Қадағалаушы орган өкілдері шекара шебінде де тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 1 қылыс ашылып, іс сотқа жіберіліпті.

Талғат Бекбергенов – Петропавл гарнизонының әскери прокуроры:

– Мемлекеттік шекараны қорғау жөнінде біраз жұмыс атқардық. Жасалған қылмыстардың саны 80 пайызға төмендегені белгілі болды. Өткен жылдың алғашқы жарты жылдығында ел іргесінде 5 заң бұзушылық орын алған еді. Тағы, былтыр біз 13 жасақшыны жұмыстан босаттық. Олар бұрындары қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартыла тұра қызметке алыныпты.

Тағы, жиында әскери прокурор мамандардың жол-көлік ережесін жиі бұзатындығын айтты. Жыл басынан ортақ тәртіпті сақтамаған 122 әскери адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Прокурорлар әскерилерге материалдық көмек алуларына да жәрдемдесуде. Мәселен, жыл басынан бері қадағалаушы органының өкілдері бөтен біреулер заңсыз пайдаланған 4 қызметтік пәтерді босатыпты. Қазір ол баспаналарда күш құрылымдарының өкілдері отбасыларымен тұруда. Тағы, оқудан заңсыз шығарылған Әскери институтының курсанты әскери прокурорларлың арқасында білімін қайта жалғастыруға мүмкіндік алған.

Култанов Байболат