МТРА жаңалықтары

“ЭКСПО” көрмесінде 1 жарым миллионыншы адам болды

 

Өткен аптаның өзінде әлем назарынын аударған сәулетті қалашықты 285 мың 300 адам аралапты. Бір күн ішінде шамамен көрмеге 40 мыңнан аса тұрғын келуде. Келушілердің басым бөлігі Африка, Египт, Үндістан, Ресей, Түркия елдерінің павилондарымен танысуға асық. Тағы, қазақстандық Нұр-Әлем нысанында болғандардың да қатары қалың. Бұдан бөлек, адамдар сауда орындарын, Шелл атты балалар зертханасы мен саябақтарда және де дю Солей циркінде бос уақыттарын өткізуде. Бүгін көрмеде Куба мемлекетінің Ұлттық күні өтпек. Осыған орай қонақтарға арналып ерекше шоу ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Алдымен, негізгі бөлім, кейін “Куба ырғағымен” атты мәдени-музыкалық кеш болады. Шарада өнерпаздар латын билерін билеп, жиналғандарға карнавал шеруін ұсынынады.

 

Култанов Байболат