МТРА жаңалықтары

“111” – ҚР балалардың құқығы бойынша Ұлттық колл-орталығы Петропавлда семинар-тренинг өткізді

Татьяна Попова – №9 орта мектептің педагог-психологы:

 

– Негізінен жазатын мәселелері әр түрлі. Олардың дені жауапсыз махаббат, ата-анасымен ұрсысып қалу. Кей кездері өз замандастары арасында кикілжің де туындайды. Мұғалімдермен де келсіпей жатады. Осылай өмірден түңіліп кетеді. Бүгінгі семинар-тренингте маған бұл балалармен қалай жұмыс істеу керектігі үйретілді. Өз тәжірибемде қолданатын боламын.

Бұндай семинар-тренингті “111” – ҚР балалардың құқығы бойынша Ұлттық колл-орталығы ұйымдастыруда. Елордалық қонақтар бүгін педагог-психологтар және БАҚ өкілдерімен кездесіп, өз ұйымдары жайында кеңінен баяндап берді. Колл-орталық өткен жылдың қазан айында құрылыпты. Содан бері, түрлі мәселелермен ел тұрғындары қоңырау шалып кеңес сұрайды екен. Ол үшін 30 оператор тәулік бойы жұмыс істейді.

Шыңғыс Лепсібаев – “111” – ҚР балалардың құқығы бойынша Ұлттық колл-орталығының жетекшісі, Астана қаласы:

– Қоңырау шалатындардың 20 пайызы балалар. Көбіне үлкен адамдар отбасыда туған дауға байланысты кеңес сұрайды. Жалпы біз өз-өзіне қол жұмсамақ болған 100 оқиғаның алдын алдық. Солтүстік Қазақстан облысынан осы күнге дейін 50 мың қоңырау шалынды. Ал ең көп рет бізге оңтүстіктікілер хабарласады.

“111” – ҚР балалардың құқығы бойынша Ұлттық колл-орталығының өкілдері бүгін 35 педагог-психологқа семинар тренинг өткізді. Енді ертең олар Ақмола облысына жол тартпақ.

 

Риат Шони