МТРА жаңалықтары

Биыл 2,5 мың қазақстандықтың қажылыққа баруларына мүмкіндік бар

Бес парыздың бірін өтеуге ниетті жандардың құлақтарына алтын сырға. Осы жылы отандастарымыз үшін Сауд Арабиясына жету біраз жеңілдеп отыр. Өйткені, еліміздің Астана, Алматы мен Шымкент шаһарларынан Мекке, Медина және Джидда қалаларына тура ұшақтар қатынамақ. Бұрын жолға 10-15 сағат, тіпті бір тәулік уақыт кететін. Ал, қазір сапар бар-жоғы 4-5 сағатты алады. Сауд Арабиясына әуе кемелері тамыздың 22-сі мен 26-сы аралығында аттанып, елімізге қыркүйектің 6-сы мен 10-ы күндері аралығында қайтып оралады.

 

 

Култанов Байболат