МТРА жаңалықтары

Биатлоннан жасөсіпірімдер арасындағы жазғы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті

Еске сала кетейік, чемпионат 4 күнге созылды. Жарыс нәтижесі бойынша жеңіс тұғырынан Ақмола облысының спортшылары көрінді. Екінші орынға Шығыс Қазақстанның биатлоншылары жайғасса, ал үздік үштікті теріскейліктер тұйықтады. Сондай-ақ, жерлестеріміз жеке жарыс пен эстафетада жақсы нәтиже көрсете білді. Мәселен, аталмыш жарыстарда №14-ші орта мектебінің оқушысы Денис Волков үздік атанып, қысқа қашықтықта қола жүлдені иеленді. Ал, қыздар арасында Ирина Сидоркина мен Ирина Чищенко эстафетада жеңіске жетті. Сайыс нәтижесі бойынша биатлоншылар медлаь, грамота және спорттық құрал-жабдықтармен марапатталды.

 

 

Эльмира Садвокасова