Құмар Ақсақалов қасына осы салаға жауапты ведомсвтоның өкілдерін ертіп алып, көлікпен М.Жұмабаев ауданына қарасты елдімекендердің ішін аралап шықты. Ауылішілік жолдардың жағдайын қарады. Булаев қаласындағы 18 пәтерлік жатақханаға барды. Бүгінде аудан орталығында 255 адам баспана кезегінде тұр. 95 пайызы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар.
Облыс әкімі тұрғын үй құырылысына жеке инвестиция тартуды тапсырды. Жұмыс сапары соңында аймақ басшысы аудан активімен кездесті. Жиында жарты жылдықта атқарылған жұмыс сараланды.
Асқар Бегманов- М.Жұмабаев ауданының әкімі:
– Жыл басынан бері ауданда жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Нәтижесінде 330 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ауданда “Еңбекпен қамту” базасы құрылды. Орташа айлық жалақыны 95 мың теңгеге дейін көтеру жөнінде ірі агроқұрылымдармен келісім шарт жасалды.
Осы күні Құмар Ақсақалов аграрийлермен жеке кездесіп, еңбеккерлердің жалақысын облыстың орташа айлық көрсеткішіне жеткізуді тапсырды.
Берік Қасен