МТРА жаңалықтары

Саумалкөлде апаттық жағдайдағы жылу желілері ауыстырылуда

Төлеу Ғабдуллин, “Айыртау су” ЖШС бас инженері:

– Магистральдық жылу желілері 4 кезек бойынша жөнделіп жатыр. Барлығы -5 километр. Бұрынғылары әбден ескірген. Құбырға берілетін жарамдылық мерзімі – 25 жыл. Ал, бұрынғысының тұрғанына 35 жылдан асып кетті. Қазір толығымен ауыстырып жатырмыз.

Ұзындығы 5 шақырым болатын жылу желілері аудан орталығындағы 18 көпқабатты үйге, Аудандық орталық ауруханаға, 2-ші мектеп пен мектеп-интернатына тартылады. Жаңа заманауи құбырлар жердің бетіне орнатылып жатыр. Ал, ескісі жер астында болған екен. Апаттық жағдай орын ала қалса, ашып жөндей қою да оңай болмаған. Түпкілікті ауыстыру жұмыстарының төрттен бір бөлігін “Арад” қосымша мердігері атқарып жатыр.

Жасұлан Жақыпбеков, “Арад” ЖШС учаске шебері:

– 4 техника мен 10 адам жұмыс істеуде. Қыркүйек айының аяғында тапсыру керекпіз. Жоспарды бір жұмаға ерте бітірейін деп отырмыз. Бізге 2,8 шақырымы бөлінген. Оның 1,8-ін ендігі ауыстырып болдық.

Қазір мұнда жұмыс қызу. Жұмысшылар ауа райы кедергісін келтірмесе осы қарқыннан тайынбақ емес. Шаруа ақаусыз атқарылса жаңа құбырлар 1 қазанда іске қосылып саумалкөлдіктерді қуантқалы отыр.


Акбопе Танирберген