Қоғам

Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің бүгін 46-шы күні.

Бұнда өзінің Ұлттық күнін Сингапур атап өтуде. Бұған қоса Коста-Рика мемлекеті де өзінің Ұлттық күнін тойлауда. Шараға қатысатын ресми делегацияның жетекшісі – Коста-Риканың Сыртқы Істер Министрлігі жанындағы Сыртқы Саясат бойынша Бас Директоры Кристиан Гильерме Фернандес. Ресми бөлімнен кейін қонақтар екі саксофоншының орындауындағы музыканы тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Коста-Рика өзінің Ұлттық күніне орай арнайы, ең ұзын нотаны ұстаудың ұзақтығы 1 сағат 32 минут құраған Әлемдік Гинесс рекордының жеңімпазы, үздік саксофоншыны шақырған.

Қойылым Латынамерикалық павильонға дейінгі әдемі шеру мен гелиймен толтырылған 400 жасыл шардың аспанға ұшырылумен тәмамдалды!Тағы айта кететін бір жәйт, кеше, яғни 24-ші шілде сағат 12:58-де көрмеге бір жарым миллионыншы келуші тіркелді. Ал жалпы шілденің 17-нен 23-не дейінгі аралықта ЭКСПО-ға 285 мың 300 адам келіп, орта есеппен алғанда күніне 40 мың 757 қонақ болған.

 

Риат Шони