Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары келді

Максим Большедворов – “Радуга” ЖШС кадр қызметінің жетекшісі:

– Алдағы уақытта біз өндіріс көлемін арттыратын боламыз. Қазір ел нарығында ғана жұмыс жасап жатырмыз. Болашақта тауарды шекаралас елдерге экспорттайтын ойымыз бар. Қазір біз қаптама мен дәмдеуіштерді Ресейден аламыз. Бірақ, отандық өндіріске басымдық беруді жөн санаймыз.

Бұнда қытайлық қондырғылар орнатылған. Барлық үрдіс автоматты түрде жүреді.

– “Радуга” ЖШС “Паста Мама” атты кеспені жасау үшін шикізатты жергілікті жерден алады. Яғни, ұн Солтүстік Қазақстанда жасалынған. Ал жалпы серіктестік бір тәулікте 4 мыңнан астам кеспе әзірлеуге қауқарлы.

Бүгін өндіріс ошағының жұмысымен танысуға Парламент Сенатының депутаттары келді. Олар мемлекеттік бағдарламаның қалай жүзеге асырылып жатқандығын байқап, Елбасы тапсырмасына сай кәсіпкерліктің де даму деңгейін көрді.

Ерік Сұлтанов – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Парламент бір жылдың ішінде 80-нен астам заң қабылдады. Оның ішінде Конституцияға өзгешеліктер енгізулер бар. Бүгін біз “Радуга” ЖШС жаңа желісінде тұрмыз. Ол бір айдың ішінде толық қуатында жұмыс істеуге кіріседі.

Солтүстік Қазақстанда “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасы бойынша 40-тан артық кәсіпорын ашу жоспарланған. Оның 20-дан артығы ендігі жұмыс істеп тұр. Бұл тізімге бір ай бұрын таспасы кесілген “Солтүстік кірпіш” серіктестігі кіреді. Бұрын “Керамос” аталған кәсіпорынды шымкенттік инвестор сатып алып, 90 миллион теңгесін жұмсап жаңғыртқан. Зауыт күніне 17 мың кірпіш өндіруге қауқарлы.

Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:


– Біз бүгін Қызылжар ауданында көптен тұрған серіктестікке бас сұқтық. Жылына 3 млн бірлік кірпіш өндіреміз деп отыр. Негізінде біздің өңірге 30 млн кірпіш керек.

Бұл ретте кәсіпорын өкілдері алдағы жоспарларымен бөлісті. Жуық арада өндіріс көлемін екі жарым есеге арттырмақ екен. Бұл өңірдің құрылыс нарығын толық кірпішпен қамтуды көздеп отыр.

Александр Руженский, “Солтүстік кірпіш” ЖШС директорының орынбасары, Қызылжар ауданы:

– Жыл соңына таман екінші жүйені іске қосамыз. Бұл үшін Қытайдан тағы арнайы құрылғы әкелеміз. Қосымша цех ашылады.

Шикізат тапшылығы жоқ. Кәсіпорын орналасқан Қызылжар ауданының өзінде-ақ кірпіш құюға жарайтын батпақты жер жетерлік. Дәл қазір мұнда 25 адам тер төгуде. Қауқары артса жұмысшылар саны да екі есеге көбейеді. Ал, оларға жалақы уақытында беріліп, міндетті әлеуметтік төлем жүргізу оң жолға қойылған ба? Халық қалаулыларын мазалаған осы сұрақ. Аймаққа Сенат депутаттары Елбасы тапсырмаларының қалай жүзеге асып жатқанын көзбен көруге келген.

Ольга Перепечина, ҚР сенатының депутаты:

 

– Бәрінен бұрын заң тұрғысындағы мәселелер мен қоғамдағы оң бастамаларды жүзеге асыру үшін айтылатын өтініштер мен ұсыныстарды естіп-білгіміз келеді. Көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Біз олардың қалай іске асып жақтанын қараймыз. Ел экономикасын дамытуда қандай кедергілердің барын білуге тырысамыз.

Солтүстік Қазақстанда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары 10 күнге тұрақтайды.

Риат Шони