МТРА жаңалықтары

Еуроодақтың EXPO-дағы Энергетика күндері өтіп жатыр

Осы орайда ЭКСПО алаңындағы Конгресс орталықта өтіп жатқан «Болашақ энергиясы» форумының алаңы тұрақты энергетикаға қол жеткізу мәселелерінің шешімін таппақ. Мұнда қуат үнемдеудің басты элементтері, құрылыс саласындағы тұрақтылық пен ядролық синтезге байланысты фактілер осы форумдағы «Еуропалық энергетика күндері» аясында талқыланып жатыр. Ең үздік еуропалық зертеушілер ақылды қаладағы инфрақұрылымдық жобаларын таныстырды. Сондай-ақ, жиын барысында “Термоядролық энергия” тақырыбы қаузалды. Спикерлер қауіпсіз және экологиялық тұрақты энергия алу мүмкіндіктерін қарастырды. Және осы бағытта Қазақстан және Еуроодақ әріптестік орнату жайын талқылады.

Берик Касен