Фольклорды зерттеу, ұмыт болған ғұрыптарды жандандыру және тарихи жәдігерлерді жинастыру. Бұл жобаның басты мақсаттары. Көненің көзі болып жүрген аға буын өкілдерімен өрбіген әңгімені экспидиция мүшелері бейкекамераға жазбақ. Жоба аясында өлкетанушылар, тарихшылар, мұғалімдер мен кітапханашылардан құралған екі топ жұмыс жасайды.
Тарихи маңызы бар саяхат Преснов, Благовещенка, Сәбит, Жаңажол, Майбалық, Айтуар, Қарақамыс және басқа да біршама елді мекендерді қамтымақ. “Мұражайға сыйлық” акциясы аясында жергілікті музей сөрелерін бірнеше көне жәдігерлермен толықтыру көзделген. Экспедиция қараша айына дейін жалғасады.
Нина Бородавко, Жамбыл ауданының ардагерлер кеңесі төрайымының міндетін атқарушы:
– Бұл – еміс есте қалған көне мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізді сақтауға үгіттейтін керемет жоба. Ауданымызда үш мыңға жуық аға буын өкілі бар. Көбі – тыл ардагерлері. Кезінде елімізді, ауданымызды дамытудың басы-қасында жүрген бұл азаматтар тұнып тұрған тарих. Қажетті ақпаратты осы кісілермен әңгімелесу арқылы жинамақпыз.