Қоғам

Шілденің 1-і күні Борис пен Рысқал Баяшевалардың отасқандарына 50 жыл толды

Борис Баяшев – Аққайың аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Аққайың аудны:

– Партиялық жоғары мектепте оқыдым. Кейін аудандық партияда жұмыс істедім. Облыстық партияда да еңбек еттім.

Қария аудан әкімінің орынбасыры қызметін атқарып, 2007-ші жылы құрметті еңбек демалысына шығыпты. Бүгінде зейнеткер аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Борис Баяшев пен Рысқал Баяшеваның отау құрғандарына биыл тура 50 жыл толды. 1967-ші жылдың 17-ші маусымында бүкіл ауылға дүркіретіп той жасаған екен. Үйлену тойы өтсе де жас жұбайлар неке қию туралы куәліктерін тек шілденің 1-і күні алыпты.

Борис Баяшев – Аққайың аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Аққайың аудны:

– Зайыбым үш бала тауып берді маған. Алғысымды айтамын. Отау құрғанымызға 50 жыл болыпты. Балалрымыз бен немерелеріміз бар. Біздің жолды соларға берсін.

Отанасы Рысқал Баяшев жуырда 70 жасқа толыпты. Туған жері киелі Көкшетау. Тағдыр қосып екі жас сол қалада өткен бір мерекелік кеште танысыпты. Сол кезде 20 жастағы Рысқал Баяшева тепсе темір үзетін 23-ке енді аяқ басқан Борис Сәбитұлына бір көргеннен ғашық болыпты. Отағасы серілік танытып бір-екі рет ғашықтық хаттарын жазыпты.

Рысқал Баяшева – зейнеткер, Аққайың ауданы:

– Қалай танысқанымызды өзімізде білмей қалдық. Танысқаннан кейін 15-20 күн өткен соң үйлендік.

Қос ғашық 50 жыл бойы өмірдің қызығымен шыжығына батыпты. Отағасы Борис Баяшевты жұмыс бабымен түрлі мекемелерге, тіпті басқа қалаларға да бірнеше мәрте ауыстырып отырған. Нәтижесінде жас жұбайлар 17 рет көшіп үлгеріпті.

Рысқал Баяшева – зейнеткер, Аққайың ауданы:

– Борис Сәбитұлы жұмыс орнын көп ауыстырды. Петропавлда, Алматыда болдық. Үш баланы алып сол жақтарға да бардым.

Бүгінде Баяшевтар жанұясы бақытты отбасы. Борис Сәбитұлы мен Рысқал Баяшева қыздарын қияға, ұлдарын ұяға қондырған. 2 қызы мен үлкен ұлынан 9 немере мен жиен сүйіп отыр. Олар жазда әрдайым ата-әжесінің үйіне келіп тұрады.

Ерасыл Самарханов – Борис пен Рысқал Баяшеваның жиені, Аққайың ауданы:

– Мен атам мен әжемнің үйіне келгенді ұнатамын. Мұнда біз ойнаймыз, көмектесіп, жұмыс істейміз, демаламыз. Ата-әжемнің барына қуаныштымын.

Енді алдағы жексенбіде Баяшевтар отбасысы алтын тойларын дүркетіп атап өтпек. Бұндай бақыт барлығына да бұйырсын дейді олар.

 

Риат Шони