Құқық қорғау органдары

18 жастағы Мамлют ауданының тұрғыны 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

БАХЫТЖАН СМАЙЫЛОВ – МАМЛЮТ АУДАНЫ ІІБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

– Мамлют ауданы сотының қаулысымен осы азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 434-бабы бойынша жауапқа тартылып, 7 сөткеге қамалды. Мамлютка қаласының әкімдігіне келтірілген шығын қайтарылды.

Жас азамат өзінің іс-әрекетін полиция қызметкерлеріне түсіндіре алмады.

ҰСТАЛҒАН АЗАМАТ:

– Кінәмді мойындаймын. Жасаған әрекетіме өкінемін.

Бұндай бұзақылықтар өңірде бұған дейін де орын алған дейді тәртіп сақшылары. Облыс орталығында бұзақылар вокзал маңында орналасқан мерекелік композицияны сындырып кеткен болатын.

 

Эльмира Садвокасова