МТРА жаңалықтары

СҚО-да жас туристер слеті өтті

Қанат Сәдуақас, Дене тәрбиесі, спорт және АӘД өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры:

– Балалар арқан көпір арқылы өту, тауға өрмелеу, от жағу сынды сайыстардан сынасады. Балалаларды отанды сүюге, табиғат аясында өз бетімен әрекет етуді үйретуге баулыйды. Бұл – біздің өңірдегі жылына бір рет қана өтетін туристік жалғыз шара.

Сайыс шарттарына балалардың жатын орындарының талапқа сай болуы да кіреді. Олардың шатырларының дұрыс құрылуы мен өз аумақтарының тазалығы да назарға алынады. Қызылжар ауданының командасы келе салып 5 бірдей шатырды оңай құрған. Сайыс дайындықтарын соңғы рет пысықтап жатқан жас туристер жеңіске жетеміз деп құлшынып отыр. (Көк формадағы команда палаткаларының жанында)

Дильназ Уатай, Қызылжар ауданы:

– Кеше келіп шатырларымызды құрдық. қазір дайындалып жатырмыз. Бізге сайыс ұнайды. Көп достар таптық.

Мына алаңда петропавлдық “Планета” туристік орталығының өкілдері ұпай жинау үшін жандарын салуда. Жасыратыны жоқ, бұл балалар – жарысқа қатысушы 10 команданың ішіндегі ең тәжірибелілері. Былтырғы жеңімпаздар, республикалық жас туристер слетінің қатысушылары. Арқан өткелмен екінші бетке өту оларға еш қиындық тудырмады. (Стендаптың алдында, қара формадағы команда)

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Арқан көпір арқылы өтуде қатысушылар жылдамдыққа айтарлықтай көңіл бөле қоймайды. Мұнда негізгісі – қателікке бой алдырмау. Туристер табиғат аясында ағыны қатты өзендерден осылай өтеді. Сондықтан басымдықты қауіпсіздікке бөліп, арқанды мықтап байлап, каска киген дұрыс. Бастысы – құлап кетпеу.

Қазір қатысушылар топ-топқа бөлініп, түрлі сайыстарға қатысуда. Мына жерде жас туристер тасқа өрмелеп, қайта түсулері керек. Бір қарағанда, көзге оңай көрінетіні рас. Бірақ, бұл сыннан жас туристер слетіне бірінші рет келген тайыншалық құрама қиналып өтті. Ғ. Мүсірепов ауданынан келген балаларға да сайыс оңайға соқпағанға ұқсайды.

Аяна Мұқышева, Ғ.Мүсірепов ауданы:

– Мен үшін бұл ең қиын сынақтардың бірі болды. Биіктіктен түскен кезде де кедергілер туындады. Жаңбырдан кейін бұл жол өте тайғанақ болды. Бірақ, бұл іс те біздің қолымыздан келді.

Ал, жарыстың мына кезеңі тіптен қызық. Бұл жерде командалар от тұтатады. Берілген уақыт – 7 минут. Бұл аралықта олар тұтатқан жалын бағанға байланған жіпке дейін жетіп, оны өртеуі керек. Әзірге, сайыстың бұл шартын орындай алған бір ғана команда бар. Ол – Қызылжар ауданының жас туристері.

Ал, мына балалар бағаналарды тастап отырып өзеннен өтуде. Аяқтары суға тимеуі керек. 10 минут ішінде жағаға шығулары шарт. Бұл ретте команда капитаны Алтынбек Тағановқа артылған жүк ауыр. Десе де, құрама жетекшісінің бірнеше рет аяғы тайып айып балын алып қалды.

Алтынбек Тағанов, М.Жұмабаев ауданы:

– Бізге бұл сайыс қиын болған жоқ.

Ал, Шалқар көлінің жағалауында ары қарай балалар жарақат алып қалған достарына алғашқы көмек көрсетіп әлек. Бұл да сайыстың бір түрі. Тау-таста жүрген турист мұндай қиындықпен бетпе-бет келуі әбден мүмкін. Сондықтан, балалар медициналық көмек көрсете білуі керек. Екі күнге созылған жас туристер слетінің жеңімпаздары республикалық кезеңге жодама алады. Өзге қатысушылар да марапатсыз қалмайды.

 

Акбопе Танирберген