МТРА жаңалықтары

Өңірге жұмыс сапарымен ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев келді

Айта кетейік, келер жылы қаламызда шекарааралық форум өтпек. Маңызды шараға халықаралық әуежай сақадай сай болу қажет. Бақытжан Сағынтаев ауқымды жиынға даярлық барысын сұрап білді.

Жалпы, қазіргі күні әуежайдан тұрғындар еліміздің 3 қаласына ұша алады. Болашақта бағыттар саны артпақ.

Марат Хасенов- “Петропавл халықаралық әуежайы” АҚ директоры:

– Аптасына 2 рет Алматыға, Астанаға және Шымкент қаласы ұшақтар ұшады. Рейстар субсидияланған. Болашақта халықаралық және ішкі бағыттар да әуе кемелері ұшады.

Биыл Петропавл халықаралық әуежайы 20 мың адамға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр.

 

Култанов Байболат