МТРА жаңалықтары

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ “Нұр Отан” партиясының өкілдерімен кездесті

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Жыл басынан 7000 астам адаммен кездестік. Олар түрлі санатқа жатады. Тұрғындар көбінесе заңды шала білгендіктен шалыс қадамдарға барып жатады.

Бүгінде пара берген және оны алған адам заң бойынша бірдей жауапкершілікке тартылады.

Светлана Зайцева – СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаментінің инспекторы:

– Мемлекеттік қызметте жүргендерге өзге жандардан сыйлық алуға болмайды. Бір құты шарап пен кәмпит қорабы үшін қомақты қаражатыңыздан айрыласыз. Жақында Қазақстан азаматы біреуден 1000 АҚШ долларын пара ретінде алыпты. Соттың үкімі бойынша оған 11 млн теңге айыппұл салынды. Негізі заң бойынша пара алған және оны берген адам да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Заңбұзушыларды 2 ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айру жазасы қарастырылған. Ол адамдар мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айрылады.

Өңірімізде пара алып қызметтік лауазымын асыра пайдаланудың 24 фактісі тіркеліпті.
Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, әсіресе, әкімдік қызметкерлері мен денсаулық сақтау саласынның мамандары параны көп алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ қоғамдық індетті жиі кездесулер өткізу арқылы азайтуға болады деп есептейді.

Берік Қасен