МТРА жаңалықтары

“ЭКСПО-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесінде – бүгін Кореяның Ұлттық күні

Сондай-ақ, жұртшылық назарына «Y-kick» таэквондо командасының қызықты шоуы ұсынылады. Корея кинематографиясын қастерлеушілеріне арнап танымал актер Со Кан Джунмен кездесу ұйымдастырылса, балалар үшін Пороро кішкентай пингвинімен қызықты уақыт өткізу қарастырылған. Жалпы Оңтүстік Корея елінің азаматтары жасыл энергетика тақырыбына сай өзінен-өзі автоматты жүретін сағат пен табаны жанып тұратын, яғни, өздігінен қуат алатын аяқ киімдер ұсынып жатыр.

Сонымен қатар, Ресей Павильонында 18 және 23 шілде аралығында атомдық энергетика тақырыптық аптасы өтеді. Шара аясында «Тұрақты дамуға арналған жоғары технологиялар – «Росатом» мемлекеттік корпорациясының атомсыз өнімдері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілмек. Іс-шара барасында мамандар адам өміріндегі түрлі салаларда қолданылатын бірегей зерттеулер жайында сөз қозғайтын болады. Бұдан бөлек, Ресей Павильонында «Pandora’s Promise» бейбіт атомы туралы көптеген аңыздар мен жаңылысулардың себептерін зерттейтін деректі фильмнің көрсетілімі өтеді.

 

Риат Шони