Азамат Тамашов – №10 учаскелік полиция пунктін аға инспекторы:
– Мамандарға мұндай жерде жұмыс істеу өте жеңіл. Қондырғыларымыздың барлығы жаңа. Осы техниканың арқасында күнделікті қызметті сапалы атқарып жатырмыз.
Мұндай жөндеу жұмысы шаһардағы №3 учаскелік полиция пунктінде де жүргізілді. Нысанның шатыры жаңаланыпты. Енді, ішке жаңбыр жауса бұрынғыдай тамшы тамбайтын болған. Бұдан бөлек, еденге линолеум де төселген екен.
Қайрат Оразалин – СҚО ІІД бастығының орынбасары:
– Қаламыздағы барлық 13 учаскелік полиция пунктіне жөндеу жасалды. Кейбірін түпкілікті қалыпқа келтірдік. Біразына қызметтік қондырғылар сатып алынды. Жаңғыруту жұмыстарына 9 млн теңгеге тарта қаражат жұмсалды.
Жөндеу жұмыстары өңірде әлі де жалғаспақ. Алдағы уақытта облыс аумағындағы 200-ден аса учаскелік полиция пунктерін қайта қалыпқа келтіру көзделініп отыр.
Култанов Байболат