Құқық қорғау органдары

Облыс аумағында “Іздеу” акциясы аяқталды

Қанат Наурызбаев – СҚО ІІД заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке взводтың инспекторы:

– Облыс аумағында шілденің 17 мен 19 аралығында алимент төлемеушілер мен борышкерлерді іздестіру іс-шарасы өткізілді. Шара барысында іздеуде жүрген 105 – азамат анықталды. Олардың арасында 32 алимент төлемегендер және 73 борышкер бар.

Алдағы уақытта полицейлер 62 борышкердің тұрғылықты мекен жайын анықтайтын болады. Олар қаржы мекемелеріне, таныстарына берешек болып қалғандар. Петропавл қаласының бір тұрғыны үш жыл бұрын көршісінен 60 мың теңге ақшаны қарызға алыпты. Бірақ, оны қайтаруға асықпаған. Шыдамы таусылған көршісі сотқа жүгінген.

Борышкер:

– Полиция қызметкері үйіме келді. Сен іздеудесің, ақша берешексің деді. Аманшылық болса, жұмысқа кіріп, ертерек қайтарамын.

Бұл акция шілденің 19-ы аяқталды. Бірақ тәртіп сақшылары берешегі барлар мен алимент төлеуден жалтарып жүргендерді іздестіру бойынша жұмыстарын тоқтатпаймыз деп уәде етуде.

 

Риат Шони