МТРА жаңалықтары

ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің 39-шы күні өтті

Қытай Халық Республикасының павильонына ат басын тіреген әр келуші фарфор ыдыстан шәй ішу рәсіміне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ал Австрия павильонында әйгілі қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев жаңа биіктікті бағындырды. Онымен қоса, халықаралық мамандандырылған көрме аясында болашақ энергиясын қаржыландыруға бағытталған ЦАРЭС 2017 энергетикалық инвестициялық форумы бастау алды. Аталмыш форум 19 шілде күні аяқталмақ. Швейцария павильонында БҰҰ-ның Қазақстандағы балалар қорының қолдауымен жас астрофизик ғалым Исаак Мустопуломен кездесу өтті. Жеткіншек келушілерді мүгедек мектеп оқушыларына көмек беру мақсатындағы жеке бастамаларымен таныстырды. Мұнда Ресейлік, Швейцариялық және Батыс Африкалық қатысушылар тілектерін білдірді.