Құқық қорғау органдары

СҚО ІІД жарты жыл ішінде атқарған жұмыстарын қорытындылады

Жыл басынан 43 мың мәрте ортақ тәртіпке бағынбау оқиғасы орын алған. Тағы, жүргізушілердің кесірінен 55 рет жол-көлік апаты болыпты. Осы ретте облыстық ІІД бастығы Берік Біләлов сақшыларға бірқатар міндеттер жүктеді. Бас полицей әріптестеріне есірткі мен сыбайлас жемқорлыққа және терроризмге қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, қазір солтүстіққазқастандық мамандар көптеген жылдардан бері келе жатқан қылмыстарды ашу бойынша да ауқымы жұмыс атқаруда.

Думан Таев – СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары:

– Биыл көптеген жылдардан келе жатқан 400-ден аса қылмыстың беті ашылды. Бұл жақсы көрсеткіш. Дегенмен, әлі де жұмыс атқару қажет. Бұл бағытта ұжымдаса әрекет ету маңызды. Сонда ғана атқарған іс өз нәтижесін береді.

 

Култанов Байболат